Жаңалықтар
600 мыңға жуық есепші, заңгер, орманшы мен кітапханашының айлығы 20% өседі
2023 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% өседі, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.
Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.
Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.
Фото: image.shutterstock.com