Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

378 млн. теңге шығын келтірген 4 браконьердің ісі қаралып жатыр

Атыраудың №2 сотында Исатай ауданы Жанбай ауылынының төрт тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау өтіп жатыр. Олар мемлекетке келтірілген 378 млн. теңге бойынша айыпталуда,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Браконьер сот

«Өткен жылдың қараша айында Жанбай ауылының 25-27 жастағы тұрғындары Н.Мағынбаев, Н.Есенғалиев, М.Батырбаев және Д.Еркінов Каспий теңізінің жағалауында ірі көлемдегі балық партиясымен ұсталды. Олардың иелігіндегі қайықтан жалпы салмағы 1000 келіден асатын 304 бекіре және бекіре тұқымдас балық табылды. Тергеу жұмыстары мемлекетке 378 026 745 теңге шығын келтірілгенін дәлелдеді»,-дейді Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Олег Тушканов.

Инспекция қызметкері 2017 жылдың өзінде балық қорғау заңнамасы бойынша 1 496 ереже бұзу фактілерін анықтаған. Жыл көлемінде браконьерлерден 22 тонна 825 келі балық, 1570 балық аулау құралы, 276 бірлік көлік және жүзу құралы тәркіленген.

Айқара Ғұмар

Фото livejournal.com сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button