Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

32 атыраулық отбасы жаңа қоныс тойын тойлады

Atr.kz / 7 шілде, 2020 жыл. Елорда күні қарсаңында  Бірлік ықшамауданы, АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған 16 пәтерлік екі үйдің тұрғындарына  жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Осыған дейін тұрмыс тауқыметін көріп келген 32 отбасы ендігі жерде Жұлдыз ықшам ауданындағы су жаңа мекенде тұратын болады.

Елімізде өршіген індеттің салдарынан қоныс той иелеріне кілтті табыстау шарасы қалалық тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары ғимаратының алдында өткізілді. Тұрғылықты жерлерінің жаңғыруын жылдар бойы аңсаған жаңа пәтер иелері тұрғын үй кілтін табыстау салтанатына тайлы-таяғы қалмай, барлық отбасы мүшелерімен топтасып  келді. Шаттанып кірер шаңырақтарының кілті қолдарына тигенде, отбасы мүшелерінің шынайы қуанғандары төңіректегілерді де еріксіз шаттыққа бөледі. Жаңа көршілер бір-біріне ақ жарма лебіздерін айтысып жатты.

– Бүгінгі күні су жаңа қонысқа орналасып жатқан  бұл тұрғындар бұған дейін өздерінің жағдайларын айтып, талай мәрте арыз жазып келгенді. Бүгін сол  олқылықтың орны толып, 16 пәтерлік екі апатты үйдің тұрғындары Жұлдыз ықшам ауданындағы жаңа үйге көшірілуде. Әр пәтер иесіне бұрынғы тұрған шаршы метрінен кем емес  көлемде тұрғылықты пәтер  берілді. Алдағы уақытта бұл игі жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Қазіргі күні Атырауда көшіруді қажет ететін 78 апатты баспана бар. Оның 68-і көп қабатты үйлер болса, оның 10-ы жатақхана болып табылады, — деді қалалық тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев.

Мұратбек Жаңабай

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button