30 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кетті

20161017170439 Жаңалықтар

Кеше  30 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

20161017170439

«Қайғылы оқиға сенбі күні кешкілік 20 сағат шамасында болған. Қала маңындағы Курилкино кентінде 30 жастағы ер адам саяжай аумағындағы белгіленбеген  жағажайда суға шомылып жүрген кезінде батып кеткен. Оның денесі бірнеше сағаттан соң табылды. Суға аққан адамды іздеуге  «БӨАЖҚЖ» ҚБ  жеке құрамының 4 адамы қатысты, деп хабарлады суда құтқару бөлімінің басшысы Самат Кұмашев.

Еске сала кетсек, осы аптада Атырау облысында Махамбет ауданындағы Береке кенті аумағында 8 жасар бала Жайыққа ағып кеткен еді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз