3 сәуір – жалпықалалық сенбілік!

eac2572 768x511 1 Жаңалықтар

3 сәуірде Атырауда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы аясында ұйымдастырылғалы отырған дәстүрлі шара сенбі күні таңертеңгі сағат 9.00-де басталады.

Алдын ала жоспарланғанындай, сенбілік барысында қаланың Огородный шағынауданындағы 2 қабатты үйлердің ауласын, Геолог шағынауданының өзен жағалауына егілетін талдардың айналасын, Азаттық даңғылындағы е к і қ а б ат т ы ү й л е р ( № 1 3 3 – 1 7 9 ж ә н е № 1 2 2 – 1 3 8 ) аулаларының ішкі бетін тазарту, басқа да аумақтарды қамту көзделген. Сенбілікке бекітілген кәсіпорын-мекемелер мен сол аумақтардың тұрғындары қатыстырылады.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз