ЖаңалықтарЭкология
3 сәуір – жалпықалалық сенбілік!
3 сәуірде Атырауда жалпықалалық сенбілік өтеді.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы аясында ұйымдастырылғалы отырған дәстүрлі шара сенбі күні таңертеңгі сағат 9.00-де басталады.
Алдын ала жоспарланғанындай, сенбілік барысында қаланың Огородный шағынауданындағы 2 қабатты үйлердің ауласын, Геолог шағынауданының өзен жағалауына егілетін талдардың айналасын, Азаттық даңғылындағы е к і қ а б ат т ы ү й л е р ( № 1 3 3 — 1 7 9 ж ә н е № 1 2 2 — 1 3 8 ) аулаларының ішкі бетін тазарту, басқа да аумақтарды қамту көзделген. Сенбілікке бекітілген кәсіпорын-мекемелер мен сол аумақтардың тұрғындары қатыстырылады.
Дәулетқали АРУЕВ