Жарнама
Жаңалықтар

29 сәуірде Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына оралады

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, — деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

-Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты, 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн-форматта жалғастыра алады.

Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button