Жарнама
Жаңалықтар

2022 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады?

1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеге дейін өседі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айлық есептiк көрсеткiш жәрдемақы және басқа да әлеуметтiк төлем, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады.

Паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы — 8 АЕК немесе 24 504.

Жеке куәлік — 0,2 АЕК немесе 613 теңге.

Жүргізуші куәлігін алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы — 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге.

Ттуу туралы куәлік алу ақша төлеудің қажеті жоқ. Себебі бұл куәлік тегін беріледі. Алайда акт жазбасына өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет.

Неке тіркеу үшін жас жұбайлар 1 АЕК немесе 3 063 теңге төлейді. Ал неке қию туралы куәлікті екінші рет алу үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге қарастырылған.

Ажырасуға арыз беру кезінде төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай

Ең төменгі жалақы мөлшері — 60 000 теңге.

Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 19 450 теңге.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңге.

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қажет ең төменгі күнкөріс деңгейі 2022 жылы 36 018 теңге мөлшерінде болады.

sputnik.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button