РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МҮШӘЙРА ӨЗ КӨРЕРМЕНІН АСЫҒА КҮТЕДІ

10 желтоқсан күні сағат 15.00-де Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Тәуелсіздік мерекесіне орай Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты республикалық жыр мүшәйрасының ақтық сыны өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш мүшәйраның жабылу салтанатында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойларына орай өткізілген «Отанды сүю – иманнан» атты бейнероликтер, «Ынтымақ түбі – игілік» атты республикалық шығармалар байқауының жеңімпаздары да  марапатталады деп күтілуде. 

Келіңіздер,  қазақ  өнерінің  құдіретіне  тағы  да  бір  тәнті  болыңыздар,  ағайын!

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз