Басты мақсат – халық сенімі

2019 05 31 061850892400 Жаңалықтар

«Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша тәртіп сақшыларының қызметін жақсарту жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Халық сенімін арттыру мақсатында қазір полиция органдары сервистік қызмет моделіне көшіп жатыр. Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Әсіресе, пандемия кезінде тұрғындарды тәртіпке шақырып, уақытпен санаспай атқарған қажырлы іс-әрекетіне ел куә. Төл мереке қарсаңында Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ басылымның басты үш сауалына жауап берді.

– Тәртіп сақшыларының коронавирус індетімен күрестегі үлесін айтсаңыз?

– Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның полициясы да бірнеше маңызды реформаны бастан өткерді. Қазір еліміздің ішкі тәртібін сақтауда шыныққан, мол тәжірибе мектебінен өткен нағыз кәсіби құрылым болып қалыптасты. Ә л е м д і а л а ң д ат қ а н в и ру с қ а қарсы күресте де облыстағы полиция қызметкерлерінің атқарған ролі ерекше болды. Осыдан тура бір жыл бұрын төтенше жағдай енгізілген бойда облыс аумағында 6 санитарлық бекет (Жылыой – 1, Индер – 1, Қызылқоға – 1, Құрманғазы – 1, Мақат – 2) орнатылды. Оның 4-еуі шекаралас үш облыс және Ресей Федерациясынан кіреберістегі нүктелерге орнатылды. Осыған байланысты ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы к ү ш е й т і л ге н ж ұ м ы с р е ж и м і н е көшірілді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен індеттің жолын кесу, карантин режимінің сақталуын қамтамасыз ету шараларына тәртіп сақшылары белсене қатысты. Олар медицина қызметкерлерімен бірге күн-түн демей тәулік бойы қызмет атқарды. Сақшылар өздерінің міндеті мен берген антына адалдығын, сындарлы сəтте тыныштық пен халықтың қауіпсіздігін қорғау бойынша жүктелген тапсырмаларды тиісті деңгейде атқаратынын дәлелдеді. Соның нәтижесінде облыс аумағында бірде-бір төтенше жағдай орын алған жоқ. Карантин режимінің сақталуын жоғары деңгейде қамтамасыз еткені үшін департаменттің бір топ қызметкерлері Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен наградталды. Республика Ішкі істер министрі мен облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болған тәртіп сақшылары да бар.

– Жоспарланған жұмыстың н ә т и ж е л і б о л у ы кадрлардың біліктілігімен тығыз байланысты. Тәртіп сақшысы қандай талаптар бойынша жұмысқа қабылданады?

– Қоғамдық тәртіпті сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Олардың қызметі белгілі бір уақытпен сан а л м а й д ы . М е м л е к е т басшысының Жолдауында: «Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі ке р е к . М ұ н д а жо ғ а р ы дайындықпен келген және өз ісіне шынайы берілген мамандар жұмыс істеуі қажет. Мемлекет пен қоғам оңтайлы өзгерістерді күтіп отыр. Тәртіп сақшылары азаматтарға үлгі болуға тиіс», – деген болатын.

Сондықтан, біздің қатарымызды денсаулығы мықты, психологиялық ойлау қабілеті қалыпты, қызмет бабында кездесетін кез-келген қысылтаяң сәттерде оң шешім қабылдай білетін азаматтар толықтырып келеді. І ш к і і с т е р о р г а н д а р ы н а 1 8 жасқа толған, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурстық негізде қызметке қабылданады. Полиция қызметіне үміткерлер заңнамалар бойынша тестілеуден өтіп, өздерінің жеке тұлғалық қасиеттері бойынша сынақ тапсырады. Көрсетілген талаптардың барлығынан сүрінбей, іріктеуден өткен үміткерлерге арнайы үлгідегі сертификат табысталады. Сосын әскери-дәрігерлік комиссияда денсаулығының жарамдылығы сарапқа салынады. Одан кейін үміткерлер полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Мұнда оның сыбайлас жемқорлыққа бейімділігі, нашақорлыққа әуестігі, қылмыстық ортамен байланысы, өзөзіне қол жұмсау тәуелділігі, басқа да теріс қылықтарға бейімдігі анықталады. Ал, дене күшінің жарамдылығын анықтау үшін турникке тартылып, 100, 1000 немесе 3000 метрге жүгіріп сынақ тапсырады.

Осы сынақтардан сүрінбей өткен үміткерлер конкурстың келесі сатысы – әңгімелесуге жіберіледі. Мұның барлығына бақылаушылар қатысып, өту барысы бейнекамерамен бақыланады. Ішкі істер органдарына іріктелгеннен кейін үміткерлер тағылымдамадан өтуші ретінде қабылданады. Тағылымдамадан өту кезінде оларға ішкі істер органдарында мол тәжірибесі бар тәлімгерлер бекітіліп, таңдаған мамандығының негізгі бағыты мен қыр-сырын игеру бойынша бағыт-бағдар беріледі. Кемінде бір ай өткеннен кейін олар арнайы бастапқы оқыту курстарына жіберіледі. Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасы аясында арнайы бастапқы оқыту курстары жаңаша форматта жүргізілуде. Атап айтқанда, бұрын тергеуші, жедел іздестіру және криминалистика мамандықтары бойынша оқу мерзімі 3 ай болса, қазір олар 6 ай оқиды. Ал, қалған мамандықтар бойынша оқу мерзімі – 3 ай. Б а с т ап қ ы о қ ы ту ку р с т а р ы н бітіргендерге арнайы үлгідегі сертификат беріліп, содан кейін ғана ішкі істер органдарына қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылады.

– Полиция қызметкері кезкелген қиындыққа тайсалмай қарсы тұруымен ерекшеленеді. Мамандығына адалдықтың шынайы үлгісі болған бейбіт күннің батырлары дәріптеліп жүр ме?

– Қай заманда да ел тыныштығын, адам өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен тәртіп сақшылары аз болған жоқ. Ал, қазіргі заман батырларының ерлігін жас ұрпаққа дәріптеу – біздің парызымыз. Күнделікті қызметте өз өміріне төнген қауіп-қатерге қарамастан, адамды ажалдан арашалаған қызметкерлер де бар. Осы сәтте атыраулықтарға жақсы таныс Шалқар Ақымғалиевтің ерлігін еске түсіргеніміз жөн. Ол орталық көпірден секірген бойжеткенді ажалдан құтқарамын деп қаза болды. А т ы р а у қ а л а л ы қ п о л и ц и я басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Әлібек Қайырғалиевтің қырағылығы да атап өтуге тұрарлық. Ол қаладағы көп қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде кілттеніп қалған сәбидің жағдайына немқұрайлы қараған жоқ. Балкон арқылы ішке кірген ол қауіптің алдын алды. Сондай-ақ «Қайсар» түнгі тосқауыл қызметкерлері Құлсары қаласында болған «тілсіз жаудан» 14 адамды (оның 10-ы – жасөспірім) құтқарып қалды. Олар жедел әрекет жасап, өрт шыққан және көршілес пәтерлердің тұрғындарын сыртқа шығарған. А л , б и ы л қ ы с т а Б а л ы қ ш ы шағынауданында Жайық өзенінің мұзы ойылып, 15 жасар екі жасөспірім суға түсіп кеткен еді. Олардың көмекке шақырған дауысын естіген полиция капитаны Асқар Кабдуллаев дереу балаларды құтқаруға кіріседі. Мұздай судан әлсіреген балалардың өз күштерімен судан шығуға шамалары келмеген. Екі жасөспірімді судан алып шыққан А.Кабдуллаев оларды жақын жердегі өз үйіне апарып, «жедел жәрдем» қызметкерлерін шақыртқан. Тізбелей берсек, мұндай батыл ісәрекет көрсеткен полиция қызметкерлері баршылық. Таяуда соның бір тобы «Айбын» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен наградталса, енді бірі «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медаліне ие болды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз