Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

20 мыңнан астам атыраулық атаулы әлеуметтік көмек алды

Аtr.kz/10 мамыр, 2019 жыл. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, 1 сәуірден бастап 15 233 адамға (2654 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалған.

Осы мақсатта 253 млн  теңге төленген.

«Атаулы әлеуметтік көмек  арыз берген күнге байланысты емес, сол ай есепке алынады. Бүгінге атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 341 млн 460 мың теңге,  20 мың адамға (3508 отбасы) тағайындалды»,-деді Серік Қамидолла.

Еске салсақ, Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 сәуірден бастап АӘК мөлшері 50%-дан  70%-ға артты, күнкөріс минимумы- 20 789 теңге. Бұрын АӘК орташа мөлшері отбасының әр мүшесіне 4 834 теңге болса, сәуірден бастап 20 789 теңге төленеді

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button