2023 жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке алып қою 1,9 есе қысқартылды

af5eced1 1014 41ea a523 e036a325262f Жаңалықтар

8 желтоқсан, облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Атырау облыстық мәслихатының кезекті ХІХ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Алдымен 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева баяндама жасады. Оның айтуынша республикалық бюджетке алып қоюлар 1,9 есе азайған.

– 2022 жылы республикалық бюджетке алып қоюлар 287 млрд теңге болса, жасақталған бюджет жобасында 2023 жылға республикалық бюджетке алып қоюлар 155 млрд. теңгеге дейін белгіленді. Бұл сомма 2022 жылға қарағанда 131 млрд.теңгеге азайтылды. Сондай-ақ 2024 жылға – 168,7 млрд. теңге, 2025 жылға – 178,1 млрд.теңге көлемінде жоспарланды,-деді А.Әжіғалиева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз