Жарнама
Жаңалықтар

Доссор кентінде алғаш рет өрт сөндіру бекеті ашылды

Мақат ауданы Доссор кентінде №16 өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 6533

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және республика Төтенше жағдайлар министірі Шыңғыс Әрінов қатысты.

-Бүгін бәріміз үшін тарихи сәт. Алғаш рет Доссор кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылуда. Бұл нысанның мұнай өндірудегі көне орталықтардың бірінде ашылып жатқаны қуантады. Сонымен қатар жобаны жергілікті әкімдіктің белсенді қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны ерекше маңызды. Құтқарушылардың берілген міндетті абыроймен атқарып, қызметтеріне адал болатынына сенімдімін, — деді Ш.Әрінов.

Жергілікті бюджет есебінен салынған нысанға мердігер болған — «Декор» ЖШС. Ғимаратта жұмыс бөлмелері, диспетчер кабинеті, оқу сыныбы, демалыс және ас үй бөлмесі қарастырылған. Ал өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аймағының радиусы 40 шақырымды құрайды.

img 6531

-Бекет толықтай замануи жабдықтармен қамтылған. Жеке құрам 15 адамнан тұрады. Сонымен қатар қос бірлік автоцистерна және жедел әрекет ету көлігі бар. Біз әрқашан төтенше жағдайлардың алдын алуға дайынбыз,- деді №16 өрт сөндіру бекетінің бастығы Самат Қосшығалиев.

Шара соңында қатысушылар өрт сөндіру бөлімінің аумағына ағаштар отырғызды.
Айта кетейік, жалпы аудандағы халық саны 14 мыңға жуықтайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button