Наурыз тойы театр алаңында тойлануда (+ФОТО)

img 20220322 wa0064 Жаңалықтар

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында наурыз мерекесіне арнап ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

«Қадірменді жерлестер! Күн мен түн теңесіп, қыстың қаһары қайтып, байтақ дала ару көктемнің арайлы шуағымен нұрланатын Наурыз – жыл басы, жақсылықтың бастауы. Қайта түлеген табиғатпен қатар адамның да санасы жаңғырар кез. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елді соны кезеңге шығарып, Жаңа Қазақстан құру жолындағы істеріміз баянды болғай! Ұлыстың ұлы мейрамы халқымызды береке мен бірлік, ырыс пен ынтымақ, өрлеу, өркендеу жолына бастағай. Төрткүл дүние теңселіп тұрған шақта еліміз бейбіт өмір сүріп, айналамыз аман болғай. Құт-береке арқауы – əз-Наурыз əр шаңыраққа молшылық сыйласын! Ақ мол болсын, ұлыс оң болсын, ағайын!» деді өңір басшысы.

Өз кезегінде өнерпаздар ұттық киімде ән салып, би билеп мерекенің көрігін қыздырды.

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220322 wa0060
img 20220322 wa0066
img 20220322 wa0063
img 20220322 wa0065
img 20220322 wa0062
img 20220322 wa0061
img 20220322 wa0053
img 20220322 wa0059
img 20220322 wa0057
img 20220322 wa0054
img 20220322 wa0051
img 20220322 wa0055
img 20220322 wa0052
img 20220322 wa0041
img 20220322 wa0047
img 20220322 wa0056
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз