
ШҰҒЫЛ: Атырауда қылмыстық топ құрықталды (+ФОТО)
Атырау қаласында есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті.
«2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізу арнасына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының 3 азаматын ұстады. Биылғы 7 наурызда топтың тағы бір қатысушысы ұсталды. Алдын ала деректер бойынша, ол есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден астам марихуана есірткісі алынды, оның қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр. Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді» делінген хабарламада.




Елымызды булдырып,енды жастарды булдыруге кошкендерге кешырым болмасын. 20 жылдан жогары бас бостандыгынан айыру керек.