АТЫРАУ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП МЕЙІРІМ ҚАЛАУИ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
«Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласының жаңа әкімі Мейірім Қалауиді таныстырды» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қаланың жаңа басшысы Президент Әкімшілігінің сондай-ақ Атырау қалалық мәслихатының келісімімен тағайындалды. Мейірім Қалауиды активке таныстырған өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов алда ауқымды міндеттер мен шешімін күткен мәселелер тұрғанын атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.
Мейірім Жоламанұлы Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.
2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС-нің директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары — бас редактор болып еңбек еткен.
2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып қызмет етті.
2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін қоғамдық негізде атқарған.
Мейірім Қалауи 2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2021 жылдың шілде айынан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.
Бұрынғы қала әкімі Қайрат Оразбаев қаңтар айында өзінің өтініші негізінде қызметінен босатылды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оған қала басшысы кезінде жасаған жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.
Суреттерді түсірген: Расул СЕРІКОВ, Ерлан АЛТЫБАЕВ
Қадамың құтты болсын. Сәттілік тілеймін. Егерде ғылыми жәрдем, ұсыныстар керек болса мен командаммен дайынмын. Бұрынғы жобаны одан әрі жетілдіріп, төрт көліктік логистикалвқ орталықты
іске қосса керемет болар еді. Аман бол!