Атырау облысында 7 миллион​ көшет отырғызылады

04a602cb 6a17 4a3c 8142 7b2413a5e39b Жаңалықтар

Облыстағы орман қорлары жеріне көшеттер ​ 2021-2025 жылдар аралығында отырғызылады.

​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Ауаның ластануы, жасыл желектердің жұтаңдығы – жиі көтерілетін мәселелер. Көгалдандыру бойынша, қала, аудан аумағынан жалпы көлемі 5 мың гектардан астам учаскелердің тізбесі жасалды. Оларға тал отырғызу жұмыстарына «NСОС», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және басқа да компанияларды тарту көзделуде» деп атап өтті ​ Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Және ​ биыл​ «Тухлая балка» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары​ басталады.

«Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Осы ретте, кәсіпорындардың атмосфералық ауаға тастаған ластаушы заттар шығарындыларының 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға, яғни 9 пайызға азайғанын атап өткеніміз жөн.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, ​ atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз