Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

100 мың теңге мемлекеттік сыйақыға ие болыңыз!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова салымшыларға аударылатын мемлекеттік сыйақы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

20170811122137

Ибрагимова жыл сайын ТҮҚЖБ-да мемлекеттік сыйақы өсіп келе жатқанын атап өтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сыйақы 300 мыңнан астам салымшыға төленбек. Ол 96 мың теңгеден асады. «Сіздер білесіздер, заң бойынша мемлекеттік сыйақы 200 АЕК-тен аспайтын сомаға аударылады. 2019 жылы тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік сыйақы 100 мыңнан асады. Яғни, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 101 мың теңгені құрайды», — деді ол тұрғын үй қолжетімділігі мен сапасын арттыруға қатысты өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бала тууға байланысты Қазақстанда ипотекаға сұраныс артып келеді. «Жыл сайын Қазақстанда 420 мың бала дүниеге келеді, әр сәби – жаңа бөлме деген сөз. Сондықтан алдағы жылдары құрылыс секторы үшін көптеген мүмкіндікке жол ашылады деген ойдамын», — деді Ибрагимова. Осы орайда ТҮҚЖБ басшысы қызықты статистиканы келтірді. «Біздің салымшылардың орташа жасы – 36 жас. 150 мың балалар депозиті ашылған, 0-ден 18 жасқа дейін. Ал әр үшінші салымшы – 18 бен 29 жас аралығында. Сондықтан біз үшін жастар басымдыққа ие топ», — деп атап өтті ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button