1 сәуірден бастап Қазақстанда кинотеатрлар жабыла ма?

bc730baf868859c8ea1bf7ada963ce99 Жаңалықтар

Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылатынын мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартып жатыр. 1 сәуірден бастап бізде көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабуға мәжбүр болады. Өкінішті, бірақ расы сол», — деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев.

2021 жылдың соңында Kinopark-Kinoplexx біріккен желісі жалпы сыйымдылығы 18 684 орындық 25 кинотеатрды басқарды.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шүкенов Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісінің жабылу себебін білмейтінін және Голливуд Қазақстанға санкция жарияламағанын айтты.

Голливудтық компаниялардың ешқайсы Қазақстанға санкция жариялаған жоқ. Яғни, әлі ешкім ресми түрде қазақстандық кинотеатрларда голливудтық фильмдерді прокаттаудан бас тартпады. Қазақстандық кинотеатрлардың жабылуына ешқандай объективті себеп жоқ. Дегенмен, Kinopark желісінің неге жабылу туралы шешім қабылдағанын білмеймін. Менің ойымша, біз білмейтін шикілік бар, — деді Шүкенов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз