Жарнама
Жаңалықтар

1 млн қазақстандықтың жалақысы 12%-ға өсті

Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5-тен 50%-ға дейінгі бөліністе 2 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтерді. Ағымдағы жылдың басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деп тоқталды Төлеген Оспанқұлов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button