1 cәуірден бастап Атырау стансасында баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады
Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау стансасына баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 наурыздан бастап № 692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызының маршруты Доссор стансасына дейін қысқарады. 1 сәуірден бастап №313/314 «Атырау-Маңғыстау» және №47/48 «Атырау-Бурабай курорты» жолаушылар пойызы, 2 сәуірден бастап №41/42 «Атырау-Шу» пойызының қозғалысы тоқтатылады. Бұған дейін Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толықтай ала алады.
«Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді және осыған байланысты жолаушылардың енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауын сұраймыз», — делінген хабарламада.
«Atr-Ақпарат»