
Жаңалықтар
⠀Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны алты адамға жетті
Atr.kz/14 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«COVID-19 бойынша 14 наурыздағы күн статистикасы: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың нақтыланған саны алты адамға жетті. 1090 стационар карантинде, 452 үй карантинде» делінген хабарламада.

Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ата-ананың біріне жалақысы сақталатын еңбек демалысын беру мәселесін көтерген еді. Қазіргі таңда еліміздегі оқу орындары мен мектептерде мерзімінен бұрын каникул жарияланды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА