Экологияны қалпына келтіру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілмек

aua Жаңалықтар

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Атырауда экологияны қалпына келтіру бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен кездесуінде айтты.

Кездесу барысында ағынды суларды механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларын жаңғырту, қосымша тазарту қондырғысының құрылысы мен булану алқаптарын қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан және жоспарлы жұмыстар талқыланды.

«Бұдан бөлек, Атырау қаласы бойынша жиналған тұрмыстық қалдықтар мәселесі де бар. Осыған байланысты экологияны қалпына келтіру бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылады» деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. 

«Атырау облысының коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз