«Қолға арналған антисептиктер өлімге әкеледі» деп дүйім елді дүрліктіріп жүрген кімдер? (+ВИДЕО)

1584538734 screenshot 2020 03 18 hygiene 3517277 960 720 webp izobrazhenie webp 960 640 pikselov БЕЙНЕЖАЗБА

Казнет қолданушылары санитайзерлерді қолданудың салдары өлімге әкелетіні туралы видеоны талқылауда. Кадрларда әр түрлі дезинфекциялық құралдар көрсетілген, автордың айтуынша олар өте қауіпті. Ресми «Стоп.кз» сайтының мәлімдеуінше, бейнероликтегі ақпарат шындыққа жанаспайды.

whatsapp image 2021 02 15 at 14.39.38

Қазақстанда үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды дезинфекциялау үшін және қолға арналған санитайзерлер ретінде қауіпті немесе улы заттар пайдаланылмайды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері бірнеше рет мәлім еткен болатын.

– Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекциялау құралдары адамдар үшін қауіпсіз және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар бар, онда ерітінділерді дайындау үшін ұсынылатын пропорциялар көрсетілген, – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Видео авторы РесейдеҮндістанда және басқа елдерде бірнеше адамның өлімі туралы хабарланғаннан кейін антисептиктер аса қауіпті деген қорытынды жасаған болар. Алайда, бұл жағдайлардың барлығында марқұмдар антисептикті мақсатына сай пайдаланбай, оны ішкен. Дезинфекциялық ерітінділерді ішуге болмайды, бұл туралы қаптамаларда жазылуы тиіс.

Дегенмен, кездейсоқ ағзаға аз мөлшерде түскен антисептик қауіпті емес. Мысалы, егер бала 62% этанол бар санитайзерді аузына шашса, бұл өлімге әкелмейді. Бір басқанда құтыдан шамамен 2,5 мл сұйықтық шашырайды. Бұл дозада қандағы алкоголь концентрациясы шамамен 17 мг/дл құрайды. Салмағы 15 кг болатын бала үшін 80-100 мг/дл деңгейі улы болып саналады. Қандағы этанолдың мұндай концентрациясы аузына санитайзерді 4-5 рет шашқаннан кейін болады. Егер мұндай жағдай орын алса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Антисептиктерді қаптамада ұсынылған дозаларда қолдану өлімге әкелуі мүмкін емес.

Алайда, терісі құрғақ, тітіркенуге бейім адамдарда және антисептиктің құрамындағы жеке компоненттерге төзбеушілігі бар адамдарда аллергия болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігерлер дәріханаларда қолжетімді гипоаллергенді немесе балаларға арналған санитайзерлерді қолдануға кеңес береді.

https://youtu.be/qYrlJmPAW6A
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз