Жоба жеңімпазы – Ержан

«Инновациядан-дамуға!» атты III облыстық жастар инновациялық жобалар байқауы қорытындыланды. Байқау жеңімпазы болып «Фокустек» ЖШС қызметкері Ержан Нұрманов танылды. 
«Атырау» қонақүйінде өткен шара барысында алдымен 14 үміткер сарапшыларға өз жобаларымен таныстырды. Айта кетерлігі, бұл жолғы байқау қорытындысы ашық түрде өтіп, үздік жоба көпшіліктің алдында анықталды.

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының қолдауымен өткен байқаудың негізгі мақсаты жастар арасында инновациялық іскерлікті дамыту, инновациялық жобаларды дайындау әдісін жетілдіру, жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру болып табылады. 
Сарапшылардың шешімімен II, III орын иелері де анықталып жеңімпаздар мен байқауға қатысушыларға бағалы сыйлықтар, Алғыс хаттар табысталды. Енді үздік жоба иелері өз жұмыстарын «Гарант» қайтарымсыз несиеге қол жеткізу үшін облыстық кәсіпкерлік, индустриалдық-инновациялық даму басқармасына тапсырады.

Мәлике МӘЛІК.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз