Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАМәдениетФОТОГАЛЕРЕЯ

«Елсана» – «Қайырымдылық керуенінің» жеңімпазы!

«Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығы 2013 жылы құрылып, оған жүздеген ерікті мүше болған-ды. Клуб мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді жаңғырту. Қауымдастық президенті Нұрберген Дәулетовтың айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында олар республикалық «Қайырымдылық керуені — 2021» сайысына қатысу үшін ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті насихаттау бағыты бойынша тапсырыс беріп, өтініш қалдырған. Ал, күні кеше республикалық телеканалдан «Сіздер жеңімпаз болдыңыздар!» деген жағымды жаңалық жетіпті.

      Бүгінде қауымдастықта Қазақ елінің рухани санасын көтеру, ұмыт бола бастаған салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді ұрпақ қажеттілігіне айналдыруды мақсат тұтқан 19 алаң жұмыс жасайды.

Қауымдастықтың «Алаңдармен жұмысты ұйымдастыру» жөніндегі басшысы Майра Қожрақова:

      – Бірнеше бағытты қамтыған қауымдастық қазіргі күнде мемлекет саясатының мәнін ашуды, соны көпшілікке ұлттық құндылықтар арқылы жеткізуді қолға алды. Қала мен облыс көлемін қамтыған осынау ісімізді өзге облыстар да қолдауда. Бір жақсысы, қауымдастыққа қарасты алаңдарға жетекшілік ететін төрағалар мен жұмысшы тобы – елге еңбегі сіңген, қоғамда орын алып жатқан істерге бей-жай қарамайтын салиқалы азаматтар мен жалынды жастар. Қауымдастықта көпке ақыл айтар данагөй қариялар да, жезтаңдай әншілер де, он саусағынан өнер тамған қолөнершілер де жетерлік. Тек соны ұйып тыңдар құлақ пен ұғып алар сана болсын, — дейді.

      Республикалық телеканалдан жеткен осынау жағымды жаңалықты естіген қауымдастықтың үлкен-кіші мүшесі бұл күнгі басқосуда бір-бірін құттықтап, мәре-сәре болды. Махамбет ауданының Бейбарыс селосы тұрғыны Зина Қуанышқалиева бүкіл әулетімен ісмер екендіктерін айта келе: «Биязы жүнді меринос қойы асыл тұқым саналатындықтан осы жүннен бөбектер пинеткасы мен қысқа нәски, телпек, кеудеше, кәжекей жасаймын. Шүкір, бұл, бір жағынан, өнер болса, екінші жағынан, табыс көзі» десе, тағы бір шебер Рая Аяшқызы көпшіліктен құрақ көрпе мен қыз жасауына тапсырыс қабылдайтынын айтты.  

Лиза СЕЙТІМОВА

Фото: Ерлан Алтыбаев

img 20220413 wa0086
img 20220413 wa0089

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button