Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Қазақстанда Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» республикалық акциясы өтуде

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанда «Ерлікке тағзым» республикалық апталығы басталды. Бұл акцияның мақсаты – батырлардың ерлігін еске алу, тарихқа тағзым ету және жастарды отаншылдыққа баулу.

img 5436

Республика Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, игі бастама аясында ел бойынша жалпы 86 іс-шара жоспарланған. Онда 10 мыңға жуық волонтер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Волонтерлер ескерткіш аймақтарын абаттандырып, монументтерді қалпына келтіріп, ескерткіш маңын тазалауда. Сонымен қатар ардагерлерге де көмек көрсетіп жатыр.

Іс-шаралар еліміздің түрлі өңірлерінде, атап айтсақ Абай, Ақмола, Қостанай және Атырау облыстарында өтіп жатыр.

img 5437

«Ерлікке тағзым» апталығы — ардагерлердің ерлігін ұлықтап, жастарды отансүйгіштікке баулуға арналған маңызды бастама. Бұл бастама өткен мен болашақтың арасындағы байланысты нығайтып, қоғамда ортақ құндылықтар қалыптастырады.






Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button