
Спорт
Жылыойлықтар жарап тұр
Құлсары қаласының Орталық стадионының спортзалында 2010-2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан облыстық күзгі чемпионат өтті.

Турнирдің басты мақсаты – қараша айында Атырау қаласында өтетін 2010-2011 жылғы жасөспірім қыздар арасында волейболдан республика чемпионатына облыс құрама командасын құру және облыс командаларының ойын деңгейін арттыру.
Жарысқа облыс аудандары және қаладан бас-аяғы 9 команда қатысты.
Тартысқа толы ойынның қорытындысы бойынша №5 Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебінің бірінші командасы I орын иеленсе, II орын Ривер жеке клубына бұйырды, ал жүлделі III орынды №5 Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебінің екінші командасы еншіледі.
А.БАУЫРЖАНҰЛЫ