Жарнама
Спорт

Жылдың үздік спортшылары марапатталды

Атырауда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебінің 2024 жылғы қорытынды марапаттау шарасы өтті. Іс-шара барысында өңір спортының 2024 жылғы негізгі жетістіктері баяндалған бейнеролик көрсетуден басталды. Мерекелік жиында спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт саласына үлес қосқан азаматтар арнайы марапаттарға ие болып, үздіктердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланды.

280e6bcb f99a 44f4 ba95 fb71dde7ff66

Атырау спорты биыл да толағай табыстарға толы болды. Спортшылардың талпынысы мен еңбегінің арқасында өңіріміз Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республика көлемінде ғана емес, халықаралық аренада да танылды. Жиынға Атырау қаласының әкімі Нұржан Ермұханов арнайы қатысты.

Алғашқы құттықтау сөз облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы спорт бөлімінің басшысы Нұржауған Төлеуоваға берілді. Ол спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтып, олардың жетістіктері облыс спортының дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.

4ee21217 b313 4440 b6a0 d3b5e50bbbc2

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем және Азия чемпионаттарында жеңіске жеткен спортшылар, сондай-ақ жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Олар аралас жекпе-жек (MMA), Nomad MMA, кикбоксинг, грепплинг және джиу-джитсу сияқты спорт түрлерінде ерекше нәтижелерге қол жеткізген, ел намысын қорғап жүрген спортшылар.

Салтанатты іс-шара барысында спорттың дамуына үлес қосқан жаттықтырушылар мен мектеп қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Олар «Аманат» партиясы мен кәсіподақ ұйымдарының атынан алғыс хаттармен марапатталды. Ерекше танылған жаттықтырушылардың қатарында таеквондо, муай-тай және аралас жекпе-жек салаларының мамандары болды.

Жиын соңында сөз алған облыстық спорт басқармасының өкілдері 2024 жылы жеткен жетістіктерге тоқталып, алдағы уақытта да өңір спортшыларына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Мерекелік кеш музыкалық нөмірлермен және спортшылардың жеңіс туларымен көрініс көрсетуімен аяқталды.

Жайна МӘЛІМҚОЖА
суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button