Спорт
Жерлестеріміз джиу-джитсудан 22 алтын алды
Ақтөбе қаласында өткен республикалық турнирден атыраулық спортшылар жеңіспен оралды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спорттық додаға ел бойынша 400-ден аса спортшы қатысқан. Олардың ішінде атыраулық команда топ бойынша ІІІ орынды иемденіп, қоржынға 22 алтын, 16 күміс, 14 қола медаль салған.
Жеңімпаздарды ата-аналары мен жанкүйерлері сән-салтанатымен күтіп алды.
-Тыңғылықты дайындықпен үздік нәтижеге қол жеткіздік. Сонымен қатар, Әбдірахман есімді шәкіртіміз ерекше әдісімен арнайы титуль иегері атанды, — деді жаттықтырушы Расул Асланбекұлы.