Айқын – «Батыс кубогінің» иегері

screenshot 11 4 Спорт

АТЫРАУДА ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ МЕН МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН МУАЙ-ТАЙДАН «БАТЫС КУБОГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық муай-тай федерациясы «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен «Нұрсая» спорт кешенінде өткен турнирде әр өңірден келген 10 команда, барлығы 180 спортшы бақ сынады.

Балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында 71 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің I курс студенті Айқын Бағыт қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Оны муай-тайдан Республика кубогінің иегері Батырхан Мұхитов жаттықтырған болатын.

Сонымен қатар, турнирде кәсіби түрде жекпе-жектер өтті. Жеңіске жеткен спортшыларға арнайы белдіктер мен қаржылый сыйлықтар табысталды. Жарыстың нәтижесі бойынша командалық есепте I орынға Атырау облысы, II орынға Қызылорда, III орынға Батыс Қазақстан облыстары ие болды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз