Жарнама
Спорт

Жазғы универсиада: Қазақстандықтар тағы 4 медаль жеңіп алды

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан спортшылары 4 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның Универсиададағы қоржыны 4 күміс медальмен толықты. Атап айтқанда, «қоланы» шағын калибрлі винтовкадан атудың шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Шахторин Никита; тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Чирюкин Никита алды.

«Бұл спортшылардың ғана емес, олардың бапкерлерінің де ерен еңбегі. Жарайсыңдар!

Осы жігіттердің жетістіктері арта берсін! Спортшыларымыздың әрбір жеңісі елді қанаттандырады», — деп жазды министр.

Жазғы универсиадаға 93 қазақстандық спорттың 11 түрінен (садақ ату; оқ ату; жеңіл атлетика; спорттық гимнастика; дзюдо; көркем гимнастика; үстел теннисі; таеквондо; у-шу; жүзу; семсерлесу) қатысып жатыр. Ел құрамасы еліміздің 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button