Жарнама
Спорт

Жаңа басшы тағайындалды

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы тағайындалды.

Енді аталған білім беру мекемесінің директоры қызметін ауыстыру тәртібімен тағайындалған Аманбай Қыздарбаев атқарады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Аманбай Қыздарбайұлы 1972 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары Павлодар педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол өз еңбек жолын спортшы-нұсқаушы болып бастап, кейін дзюдо спортынан жаттықтырушы ретінде тәжірибе жинақтады. Басшылық қызметтерде де мол тәжірибесі бар: 2008-2013 жылдары №1 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2013-2015 жылдары №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2015-2018 жылдары Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры, ал 2018 жылдан бері «Мүгедектердің спорттық клубын» басқарған.

Жаңа басшыға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Тұрарұлы табыс тілеп, спорт резервін даярлау мен олимпиадалық бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button