БИЫЛ МЮНХЕН ОЛИМПИАДАСЫНА 50 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДА 36 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖЕҢІЛІС ДӘМІН СЕЗБЕГЕН АҚШ ПЕН КСРО БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ КЕЗДЕСКЕН БОЛАТЫН. ДРАМАТИЗМГЕ ТОЛЫ ОСЫ ОЙЫНДА КЕҢЕС БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ. КОМАНДАНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУІНЕ АТСАЛЫСҚАНДАРДЫҢ ІШІНДЕ «ТҮРКІСТАН ЖЫЛАНЫ» ДЕГЕН АТПЕН ТАНЫМАЛ ҚАНДАСЫМЫЗ ӘЛЖАН ЖАРМҰХАМЕДОВ ТЕ БАР ЕДІ. ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ 2016 ЖЫЛЫ АТЫРАУҒА КЕЛІП, СТУДЕНТТЕРДІҢ БАСКЕТБОЛ ЛИГАСЫН АШАДЫ. ӘЛЖАН ЖАРМҰХАМЕДОВТЫ АТЫРАУҒА ШАҚЫРТУҒА МҰРЫНДЫҚ БОЛҒАН ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ ЕРКІН ТӨЛЕГЕНОВ ОЛ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАЗЫП ЖАТЫР ЕКЕН. ОЛ КІСІМЕН ӘҢГІМЕЛЕСЕ ОТЫРЫП ҚАЗАН АЙЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖҰЛДЫЗЫ ӘЛЖАН МҮСІРБЕКҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ЕКЕНІН БІЛДІК.
– Әлжан ағамыз сырқаттанып қалды дегенді естідік… Қазір денсаулығы қалай екен?
– Ж у ы р д а О л и м п и а д а чемпионы атанғанына 50 жыл толуымен құттықтап едім. Үшінші рет химиялық емін алған екен. Тәуір болып шығар деген үміттеміз.
– Бұл кісімен бұрыннан таныс па едіңіз? Атырауға шақыруыңызға не себеп болды?
– Әлжан Жармұхамедовты алғаш рет Атырауға келгенде көрдім. Бұл 2016 жыл болатын. Бірақ жастайымнан сол кісіге еліктеп өстім. Газет-журналдарға шыққан мақала болса қиып алып, жинап жүрдім. Ал, Краснодар дене шынықтыру институтында оқып жүрген кезімде мені оған ұқсатып «Жармұхамедовтың інісі» дейтін. 2016 жылы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде халықаралық ғ ы л ы м и к о н ф е р е н ц и я ұйымдастырған болатынбыз. Ол конференцияға алыс-жақын шетелдерден көптеген ғалым мен спорт маманы келді. Сол кезде Әлжан Мүсірбекұлын Атырауға арнайы шақыртып, у н и в е р с и т е т т і ң Қ ұ р м е т т і профессоры деген атағын табыстаған едік. Осы кезден бастап жақын араласып келемін.
– Әлжан Жармұхамедовты спорт мамандары «баскетболдың феномені» деп атаған екен. Осы сөздің мәнін ашып берсеңіз.
– Ол спортқа кеш келген кісі. Бұрын-соңды ұстап көрмеген баскетбол добын қолына 19 жасында алып, төрт жылда Еуропа чемпионы атанды. Мұны бір десек, екіншіден, сол қолында екі саусағы кем-тұғын, көзінің көру қабілеті де нашар еді. Соған қарамастан осы спорт түрінен Олимпиада чемпионы атанды. Үшіншіден, баскетбол спортының тарихында ең ұзақ уақыт бойы ойнаған адам. Барлық баскетболшылар 40 жасқа толартолмаста ойынды қойып кетеді. Ал, Жармұхамедов 44 жасында «Урарту» командасында ойнап, талай жеңіс әкелді. Сол кездегі газеттердің бірінде «Куда Джаббару до нашего Жара» деген тақырыппен мақала жарық көрді. Айтып отырғаны Американың кәсіпқой баскетболшысы Карим Абдуль Джаббар еді. Ол 42 жасына дейін ойнаған екен.
– Жармұхамедов тек спортшы болған адам ба?
– Бұл сұрағыңызға орай айтарым, ол 1967-ден 1980 жылға дейінгі аралықта КСРО құрама командасында ойнаған спортшы болды. Осы уақыт ішінде Олимпиада чемпионы және келесі Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің күміс жүлдегері, үш рет Еуропа чемпионы, бір рет күміс жүлдегері, 10 рет КСРО чемпионы атанған. КСРО-ға еңбек сіңірген спортшы. Кейін спортты қойған соң Ресей баскетбол командасының аға бапкері ретінде екі рет әлемнің күміс, бір рет Еуропаның қола жүлделерін иеленеді. Осылайша, «Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атаққа ие болған. Тағы бір қыры – кітапты көп оқитын адам. Әсіресе, тарихи кітаптарға көп ден қойған. Әлі күнге аптасына бір кітап оқиды.
– Әлжан Жармұхамедов Өзбекстанда туған қазақ па? Осы жерді анықтап айтып берсеңіз.
– Жоқ, Қазақстанның қазіргі Түркістан облысына қарасты Бостандық ауданы Табақсай елді мекенінде туған. Бірақ, бұл елді мекен 1956 жылы Өзбекстанға беріледі. Осылайша, Өзбекстанның азаматы болып шығады. Дегенмен, барлық құжаттарда өзін «қазақ» деп жаздыртыпты.
– Қазақстанға ауыса алмады ма?
– Екі рет талпынып көрген. Екеуінде де жолы болмапты. 1967 жылы Алматыға келіп, алты ай тұрады. «Локомотив» б а с к е т б о л к о м а н д а с ы н д а ж а т т ы ғ а д ы . Қ а з а қ с т а н командасымен бірге КСРО халықтарының спартакиадасына да барады. Сөйтсе, өзбектер Жармұхамедовты өздерінің командасына тіркеп қойыпты. Ол үшін екі жақ таласып, ақыры Мәскеу араласады. О л а р Ж а р м ұ х а м е д о в т ы ң төлқұжатын сұратып алады. Онда Өзбекстанның азаматы деп жазулы тұр екен. Сол себептен Қазақстанға ауыса алмай, Өзбекстанда қалады. К е й і н , 1 9 8 7 ж ы л ы Алматыдағы әскери спорт клубына ауысып келеді. Бірақ, ол кезде клубта баскетбол жаттықтырушысының орны бос емес болатын. Осы себепті бұл жолы да ауыса алмай қалады. Ташкенттің СКА баскетбол командасында ойнағаны болмаса, Әлкеңнің өзбектерге еш қатысы жоқ. Әкесі Мүсірбек қазақ, анасы Прасковья орыс қызы болған.
– Ұзақ жылдар бойы қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы деп Жақсылық Үшкемпіровты айтып келдік. Әлжан Жармұхамедов қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болып мойындалды ма?
– Жақсылық Үшкемпіров Қазақстанның атынан шыққан тұңғыш қазақ Олимпиада чемпионы ғой. Ал, Әлжан Жармұхамедов болса ЦСКА-ның ойыншысы ретінде Мәскеудің атынан шыққан қазақ болды. Сірә, түсінбеушілік осы жерден шыққан сияқты. Әлжан Жармұхамедовты тұңғыш Олимпиада чемпионы деп Үшкемпіровтың өзі де мойындап кеткен болатын. Жуырда Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында қазақ спортының тарихына арналған мұражай ашылғалы жатыр. Сол мұражайда Әлжан Жармұхамедовке тұңғыш Олимпиада чемпионы деп орын бөлінген екен.
– Әлжан Жармұхамедовтың бойында қандай үлгі аларлық қасиет бар?
– О н д а й қ а с и е т к ө п . Олимпиада чемпионы болған кезде өзін баскетболға тартып, Ташкенттегі дене шынықтыру институтына оқуға түсуге себепші болған Роман Салитдинов деген алғашқы ұстазын іздеп келеді. Мақсаты – рахметін айту. Мұнысы үлгі аларлық қасиет қой! Ал, қазіргі жастар арасында өзінің бапкерлерін ұмытып кететін жағдайлар жиі кездеседі. 1967 жылдан бастап оны ЦСКА командасына шақырып жүретін. Тіпті «ауыспадың» деп Мехико Олимпиадасына алмай кеткен. Байқаса, Жармұхамедов Ташкенттегі өзінің бұрынғы командалас ойыншылары үшін бармай қалған. Алда көптеген ойындар тұр. Өзінің бұрынғы командасы сол ойындарда ж е ң і м п а з б о л у ы к е р е к . Осылайша, барлық ойыншы «КСРО спорт шебері» деген атақ алар еді. Одан кейін ауысамын деп ойлайды. Бұл оның ардагер ойыншыларға деген құрметі еді. 1980 жылы Табақсайда тұратын анасы қатты ауырады. О л к е з д е Ж а р м ұ х а м е д о в Мәскеуде тұратын. Осыған орай, анасының қасында болғысы келіп Ташкенттің «Университет» командасына ауысады. Табақсай Ташкенттен 35 шақырым жерде орналасқан ғой. Автобуспен жарты сағаттық жол. Сөйтіп, анасы қайтыс болғанға дейін өзінің үйінде болады. Анасына деген құрметіне қалайша таңғалмайсың?!
– Ә.Жармұхамедовтың Сергей есімді баскетболшы ұлы бар деп естідік. Ол қазір немен айналысады? Қазақстанға келгісі келмей ме?
– Әлжан Мүсірбекұлының екі ұлы бар. Екеуі де баскетболшы. Үлкен ұлы Владислав қазір бизнеспен айналысады. Ал, Сергей – баскетбол спорт түрі бойынша жоғары санатты бапкер, Ресей спорт шебері, РФ еңбек сіңірген жаттықтырушы. Ол баптаған Ресей құрама командасы 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Қазір Сергейді Қазақстанға шақыртып жүрген сияқты. Жуырда «Астана» б а с к е т б о л к о м а н д а с ы н ы ң президенті Самсон Аракелян Мәскеуге арнайы ұшып барып, Сергеймен өзара келісім жасап қайтқан. Алдағы уақытта Астанаға келуі мүмкін.
– Әлжан Мүсірбекұлы туралы кітап жазып жатыр екенсіз, ол кітап оқырмандардың қолына қашан тиеді?
– Иә, төрт жылға жуық материал жинадық. Тіпті Мәскеуге де барып келдік. Б ұ й ы р т с а , б и ы л ш ы ғ а д ы д е п ж о с п а р л а п о т ы р м ы з . Тағатсыздана күтіп жүрмін, Әлжан Мүсірбекұлының өз қолына табыстасам деймін.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ