Түркиядан Армрестлинг байқауыннан топ жарды 

1680e3ea dedb 4756 bea0 fd6e941cb38c Спорт

Нәзік жанды, көп балалы ана бола тұра қара күштің иесі атанған Алмагүл Қанатова өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әлем елдерiнiң өкiлдерi бас қосқан Түркияның төрінде еліміздің Әнұраны шырқалып, көк Туымыз көкте қалықтап, жерлесіміз топ жарды.

Қазан айының 16-20 күндері аралығында Түркия елінің Анталия қаласында армрестлингтен әлем біріншілігінде 54-ге жуық мемлекеттен қол күресiнен шын мықтылар қатысқан байрақты бәсекеде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңістің тұғырынан көрінді.

Армрестлингтен ардагерлер арасында 80 келіде мықтылық танытқан Алмагүл Канатова оң колдан чемпионаттың күміс жүлдесін қанжығаласа, сол қолдан ешкiмге есе жібермей, әлем біріншілігінің ең биік тұғырына көтерілді. Бұл спортшының алғашқы жеңісі емес, бұдан бөлек өзге де елдерде өнер көрсетіп, биік шыңдарды бағындырып жүр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз