Атыраулық Зарина Нұрғалиева кезекті рет ел чемпионы атанды

bd12d505 9b59 4c84 bb60 72138691e835 870x400 1 Спорт

Атырау қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бәскеге 15 өңірден 80 шахматшы сынға түсті. Ұйымдастырушы ҚР-ның және Ғабдрахман Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы. Аталған додада екі дүркін әлем чемпионы, ФИДЕ спорт шебері, атыраулық Зарина Нұрғалиева шахматтың «блиц» түрі бойынша чемпиондық атаққа ие болды. Енді спортшымыз Грузияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, аталған дода облыста үшінші рет өткізіліп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз