Жарнама
Спорт

Спорт – жігер мен бірліктің белгісі

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №15 мекемеде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай спорттық шара өтті. Мекеме бастығының төрағалығымен өткен бұл игі бастамаға Атырау қалалық спорт бөліміне қарасты Бұқаралық спортты дамыту клубы директорының орынбасары Рүстем Кисметов пен нұсқаушы Саламат Бисенов ұйытқы болды.

70a224e3 a47e 42d7 bff4 191437f99749

Шараның шымылдығын мекемедегі Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Ринат Байжанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ринат Бекқалиұлы өз сөзінде «Спорт – ерік-жігердің, ұйымшылдық пен төзімнің мектебі. Бұл шара сіздерге тек жарыс қана емес, денсаулықты нығайтып, достықты арттыратын мүмкіндік болсын» деп атап өтті.

1fc9ce78 3fb2 46cc 82e0 f45f22e65472

Жарыс бес кезеңнен тұрды. Кіші аяқдоп, арқан тартыс, гір көтеру және қол күрес сияқты спорт түрлері қамтылған додаға мекеме әкімшілігі қызметкерлері, Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің сарбаздары және жазасын өтеушілерден құралған сегіз команда қатысты.
Әр ойын тартысты өтіп, қатысушылардың бойындағы қайрат-жігерін шыңдады. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, жарыс алаңындағы ұйымшылдық пен өзара қолдау әрбір қадамнан сезіліп тұрды. Бес сағатқа созылған сайыс нәтижесінде үздік шыққандар алғыс хаттармен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

b3636615 3f1b 4da6 bb8c 597e9ca1f05a

Доданың соңында сотталған азаматтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Мұндай спорттық бастамалар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өмірге деген сенімді күшейтіп, қоғамға бейімделуге де жол ашады.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button