Жарнама
Спорт

Софья Берульцева Азия чемпионатында ұлттық құрамаға алтын медаль сыйлады

21 шілдеде Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. 

Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Оның ішінде қазақстандық 19 спортшы бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады.

Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (68 келіден жоғары) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Финалға шыққан тағы бір отандасымыз Дидар Әмірәлі қарсыласқа жол беріп, күміс медаль алды.

Кумитеде Жоламан Биғабыл (55 келі), сондай-ақ ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева қола жүлдеге ие болды.

Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Tengrinews.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button