ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

whatsapp image 2021 10 01 at 18.46.13 Спорт

Атырау қаласы әкімінің кубогы үшін шахматтан ашық турнир өтті. Қала күніне орай өткізілген зияткерлік ойын 3 күнге созылды.

Интеллектуалды ойынға қызығушылық танытқан 100 ден астам шахматшыдан оза шапқан 34 адам финалдық кезеңде өз бақтарын сынады. Олардың арасында 10 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева, Азия чемпионатының жүлдегері Аян Абдоллаев, халықаралық, республикалық сайыстардың жүлдегері Абзал Әмірәлі, Ибрагим Ғалымжанұлы, Олжа Әлимансұр бар.

Аса қырағылық пен алғырлықты қажет ететін спорт түрінен өткен сайысқа қала әкімінің орынбасары Самат Емберген, Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Қаршыға Джаумбаев және «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Мырзағалиев қатысты.

Нәтижесінде, 14-18 жас аралығында жасөспірімдер аралығындағы Абзал Әмірәлі абсолюттік чемпион атанып, қала әкімінің кубогына ие болды. Сондай-ақ, зияткерлік сайыста әр жас бойынша жеңіске жеткен жүлдегерлерге диплом және ынталандыру сыйлықтары табысталса, ерекше көзге түскендерге номинациялар берілді.

Турнир соңында қала әкімінің орынбасары Самат Жұмабайұлы өңірімізде зияткерлік іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатынын атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз