Серік Шәпкенов отырып ойнайтын волейболдан Атырау облысының құрамасын қабылдады

8d059978 3aa6 409a b5b0 7911c1ea7bee Спорт

Кездесуде аймақ басшысы  Астана қаласында өткен Азия чемпионатында ел құрамасы сапында өнер көрсеткен спортшыларды жеңісімен құттықтады. 

 – Сүйінші хабар келгенде бөркімізді аспанға лақтырып қуандық. Мықтылықтарыңызды дәлелдеп, намысты қолдан бермедіңіздер. Сіздердің Париж олимпиадасына жолдама алатындарыңызға сенімді болдық. Үлкен жеңіспен оралатындарыңызға күмән болған жоқ. Сіздерді күміс жүлде алуларыңызбен құттықтаймын! Жеңісті күндеріміз көп болсын! Азия ойындарына волейболшыларымыздың қатысуы дәстүрге айналды. Біздің елдің құрамасы мықты екенін әлем мойындады. Алдағы олимпиада тартысты өтпек. Сіздердің чемпион боп оралуларыңызға тілекшіміз. Қолымыздан келген бар көмекті көрсетеміз,-деді С.Шәпкенов.

aa3c59bd 8fa2 4bdc bd0a a7858209002b

Париж паралимпиадасының лицензиясына ие болған ел құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов облыс әкімі Серік Шәпкеновке әркез көрсетіп жүрген қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Бүгін бізді қабылдауыңызға шақырып, құттықтағаныңыз үшін команда атынан алғысымды білдіремін. Бұйырса келер жылы 182 мемлекет арасында 8 мемлекет волейбол ойындарына қатысады. Сонда осы құрама мықты ойын көрсетеді деген сенімдемін. Соған қолдан келген бар күшті салып, дайындаламыз,-деді Б.Тахауов.

10c6a29f 6a26 4099 b9c3 7df916479d4c

Жиында резервке ойыншылар табу, параспортшыларға арналған орталық салу, стипендия тағайындау , баспана беру сынды мәселелер талқыланды.

Айта кету керек, волейболшылар 2024 жылы Париж қаласында өтетін жазғы паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз