Атыраулық Дана Абдирова Азия Кубогінің жеңімпазы атанды

2022 04 06 11 14 13 Жаңалықтар

5-6 сәуір күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия Кубогі өтуде. Сайысқа 6 мемлекеттен 312 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде атыраулық спортшылар қос жүлдеге ие болды. 57 келі салмақта Дана Абдирова жарыс жеңімпазы атанды. Ол үш кездесуін де өзбекстандық спортшылармен өткізіп, айқын асымдылықпен жеңіске жетті. Айта кетсек, Дана Абдирова Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті.

Сонымен қатар жарыс жолында тағы бір жерлесіміз Зере Өтепқали 40 келі салмақта күміс медаль еншіледі.

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз