Жарнама
Спорт

Құрманғазылық жасөспірім қыздар — Қазақстан чемпионы

Астана қаласында өткен Ұлттық мектеп лигасының республикалық финалында Атырау облысының намысын қорғаған жасөспірім қыздар командасы ел чемпионы атанды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Үздік атанған топ – Құрманғазы ауданына қарасты Орлы ауылындағы С.Манаев атындағы мектептің 7-8 сынып оқушылары.

–Бұл жеңіс жеңіл жолмен келген жоқ. Жарыс басталардан бір күн бұрын құжаттарды тексеру барысында бізді «Команда құрамы 8 адамға жетпейді» деген себеппен жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Алайда “Дарын” орталығы өкілінің араласуымен республика Оқу-ағарту министрлігі мен Баскетбол федерациясының басшылығына ресми шағым жеткізіліп, әділдік орнады. Ереже бойынша 12 ойыншы керек болғанымен, олардың саны 8-ден кем болмау керек деген нақты талаптың жоқтығы дәлелденіп, ойынға қатысуға рұқсат берілді, — деді облыстық білім беру басқармасының “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының басшысы Қайырғали Әзілов.

Осылайша, ауыл мектебінен келген жеті-ақ қыз өздерінен әлдеқайда тәжірибелі, ірі қарсыластарды жеңіп, нағыз қайсарлық пен кәсібиліктің үлгісін көрсетті. Жартылай финалда Павлодар облысының командасымен өткен тартысты ойында Атырау қыздары 34:31 есебімен үздік атанды.

Айта кетерлік жайт, бұл жаңалық республикалық деңгейде де кеңінен назарға ілікті. Жарыс ұйымдастырушылары ауылдан шыққан чемпион қыздардың ерлігіне тәнті болып, оларды Qazaqstan Ұлттық арнасының “Таңшолпан” бағдарламасына арнайы шақырып, құрмет көрсетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button