Жарнама
Спорт

Құрманғазылық боксшы Абу Дабиде жұдырықтасады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына қызу дайындық жүргізуде. Тамыздың 27-сі мен қыркүйектің 10-ы аралығында Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өтетін біріншілікте бірнеше жүлде сарапқа салынады. Құраманың аға бапкері Жақсылық Молдаханов жаттықтыратын 2010 жылы дүниеге келген боксшылар командасы бүгінде Алматы облысындағы «Olympic» базасында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Абу Даби төріндегі жарысқа Құрманғазы ауданының тумасы Мансұр Амантай да дайындалуда. Азия чемпионатына алғаш рет қатысқалы жатқан жерлесіміз жасөспірімдер құрама командасының капитаны. Ол бұған дейін облыс чемпионы, батыс аймақтық чемпионатының жеңімпазы, ел чемпионы атанған. Биыл Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің жеңімпазы атанып, Азия чемпионатына жолдама алған болатын.
– Қазір чемпионат алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарынан өтіп жатырмыз. Бұған дейін Қырғыз елінде физикалық дайындығымызды пысықтаған едік. Бұйырса командамызбен жақсы нәтиже көрсетіп, ауылыма алтын алып барамын деп ойлаймын. Әкемнің өлшеусіз тәрбиесін бойыма сіңіріп келемін, оның үлесі зор, — деді М.Амантай.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button