
Спорт
Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов АҚШ-та топырақ төсенішінде өтіп жатқан Хьюстон ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық жұп екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында А.Голубев пен А.Недовесов 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Швециялық-жапониялық жұп 2 эйспен ғана көзге түсті.
Қазақстандық теннисшілердің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.