Қазақстан құрамасы көркем жүзуден олимпиада жолдамасына ие болды

img 6228 Спорт

Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері анықталды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Сөйтіп Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша олимпиадаға өтті.

Ханчжоуда аталмыш жұп қола жүлдегер атанған болатын. 


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз