Жарнама
Спорт

Атыраулық спортшы – халықаралық жарыс чемпионы!

Атыраулық кикбоксер Нұрсұлтан Жұмабаев Түркияның Кония қаласында (9-18 тамыз аралығында) өтіп жатқан бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды!

Халықаралық жарысқа Ислам Конференциясы ұйымы елдерінің үздік спортшылары қатысады. Қазір 16 спорт түрінен 125 спортшы ел намысын қорғауда. Айта кетейік, 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрсұлтан Жұмабаев кикбоксингтен алтын медаль иеленіп отыр.

– Кикбоксинг Ислам ойындарына алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл турир жалпы жарыстың үшінші күні басталды. Оған екі апта дайындалдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, — дейді Н.Жұмабаев.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button