Жарнама
Спорт

Қазақстан-Армения командалары кездеседі

Бүгін, 7 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Кездесу Армения астанасы Ереванда өтеді.

Тікелей эфир Қазақстан уақыты бойынша «Qazsport» телеарнасында сағат 21:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Армениямен өтетін матчтан бөлек Әзербайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында 11 маусымға жоспарланған. Бұл матчтарға спортшыларды команданың бас жаттықтырушысының көмекшісі Руслан Балтиев дайындайды. Ал ұлттық команданың жаңа бапкері Станислав Черчесов өзінің қызметіне жолдастық матчтар аяқталғаннан кейін кіріседі.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Сурет: prosports.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button