Махамбетте ұлттық спорт мерекесі өтеді

news full15682812873a59773de2bc04b30670eab0a9ee59d3 Спорт

26-28 тамызда Махамбет ауданы Кеңөріс ауылында батыс өңірлік «SULO CUP» ашық турнирі өтеді.

Ол ҚР Конституция күні мен Сүлеймен Ақдрашевті еске алуға арналады. Онда командалық және жаппай көкпар, бәйге, қыз қуу және өңіраралық ақындар айтысы болады.

Шара «Suleimen Promotions» ЖШС ұйымдастыруымен Атырау облысы, Махамбет ауданы әкімдіктері мен облыстық спорт басқармасының және ат спорты федерациясының қолдауымен өтпек.

Туринирге батыс өңіріндегі спортшылар, ал айтысқа елдің барлық аймағынан ақындар қатысады, арасында Асланбек Шұғатай мен Жандарбек Бұлғақовтар бар.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 15 000 000 теңге.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20220826 wa00382
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз