Жарнама
Спорт

Қаршыға грэплингтен әлем чемпионы

Атыраулық спортшылар Қаршыға Абдурахим мен Рахымжан Тұрғанбек Испания елінің Понтеведра қаласында ересектер, кадеттер мен юниорлар арасында грэпплинг спортынан өткен әлем чемпионатынан олжалы оралды.

Айтулы додада төрт кездесу өткізген Қаршыға Абдурахим Қырғызстан, Армения, Испания балуандарымен жекпе-жек өткізіп, тұңғыш рет грэплингтен әлем чемпионы атанды. Қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан жерлесіміз биыл өтетін Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, келесі жылы өтетін әлем чемпионатында бақ сынауды көздеп отыр. Әлемнің мықтылары бақ сынаған додада жерлесіміз Рахымжан Тұрғанбек те өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

 Әлемнің 24 елінен 300-ден астам спортшы қатысса, Қазақстан атынан 80-ге жуық спортшы қатысты.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық кафедрасының I курс студенті Абдрахим Қаршыға Испания

 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ, «Батыс Батыры» республикалық турнирінің жеңімпазы.

Чемпионат шымылдығын ашқан кадеттер (16-17 жас) мен юниорлар (18-20 жас) тартысты өткен бәсекеде  26 алтын, 21 күміс және 13 қола медальға ие болып, Испания, Украина, Қырғызстан, Израиль, Франция командаларын артқа тастады. Осылайша жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды.

Алмас ҚАБДОЛОВ
суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button