Атыраулық жас футболшылардың аяқ алысы қалай?

img 20220511 wa0138 Спорт

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КЕҢ ТАРАЛҒАН СПОРТТЫҢ ТҮРІ – ФУТБОЛДЫ ДАМЫТЫП, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ АҚЫЛБЕК МҰҚАНОВТЫҢ ЕСІМІ ТЕҢБІЛ ДОПТЫ СЕРІК ЕТКЕН ОБЛЫС ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ ЖАҚСЫ ТАНЫС. ЖУЫРДА ӨЗІ БАСШЫЛЫҚ ЕТЕТІН «АТЫРАУ ФУТБОЛ ЛИГАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «AFL JUNIOR» ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ. БИЫЛ «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» БОЛЫП ЖАРИЯЛАНҒАНЫН ЕСКЕРСЕК, БҰЛ ШАРА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СПОРТЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ БОЛДЫ. ОСЫ ЛИГАНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ, ОБЛЫСТАҒЫ БАЛАЛАР ФУТБОЛЫНЫҢ ЖА-ЙКҮЙІ ТУРАЛЫ ФУТБОЛ ЖАНАШЫРЫМЕН СҰХБАТТАСУДЫҢ СӘТІ ТҮСТІ.

ШАРБАҚТАҒЫ ФУТБОЛ АЛАҢЫ

– Ақылбек Тоқтабайұлы, осы ауылдың балаларынан «Көктем» футбол клубын құрып алыпсыз. Ондағы мақсат қандай?

– 2019 жылдың аяғында шағынаудандарда балаларға арналған футбол алаңдарының тапшы екенін ескеріп, осы жұмысты қолға алуды ойлап жүрдім. Қарызға ақша тауып, «Көктем» шағынауданындағы жекеменшік үйімнің шарбағынан алаң салуға шешім қабылдадым. Одан бұрын футбол алаңының қажеттілігі туралы тұрғындар арасында мониторинг жүргізіп, «Футбол клубын ашсам, балаларды жаттығуға қатыстыра аласыздар ма?» деп сұрадым. Көп кешікпей 30-ға жуық ата-ана балаларын ақылы болса да футболға қатыстыруға ниет білдірді. Содан 2020 жылы ойымызды іске асыру үшін нақты жұмысқа кірісіп те кеттік. Артынша пандемия басталды да, тек маусым айында құрылысты бастадық. Алаң қыркүйекте толық салынып аяқталды. Басында футбол секциясында 40-45 бала болды. 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың мамыр айына дейін «Геолог» шағынауданындағы «Каспий» футбол клубының спорт кешенінде 80-ге жуық бала жаттығуға қатысып жүрді. Кейін Томарлы ауылындағы стадионды 2021 жылы мамырдан қарашаға дейін қосымша жалға алып, балалар санын 120-ға жеткіздік. Былтырғы қыркүйектен бері жан басына шаққандағы балалар спортын қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы арқылы 6-15 жас аралығындағы 220-ға жуық шәкіртті тәрбиелеп келеміз.

– Жуырда «Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігін құрып, бірлестік атынан 4 қалаға іссапармен барып қайттыңыз. Таңқаларлығы – өз ісіңізді жарнама жасамайақ атқарып жүрген қарапайым адамсыз. Жоспарларыңыз толық іске асты ма?

– Мен 2019 жылы наурыз айында «Игі іске бастама» деген қоғамдық бірлестік құрып, жұмыс бастадым. Қор қайырымдылық жұмыстарымен, еріктілікпен айналысты. Қордың атынан екі жылдай тиянақты жұмыс істегенбіз. Алайда, пандемияға ұласып, жұмыстар аяқсыз қалды. Кейін қайта ұйымдастыру арқылы «Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Қоғамдық бірлестіктің жұмысы республиканың 4 қаласына іссапардан басталды. Бірлестік балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуды мақсат етіп, басқа қалалардағы балалар футболының даму барысын бағдарлап, тәжірибе алмасуды көздейді. А й т а л ы қ , Н ұ р – С ұ л т а н , Алматы, Қостанай, Павлодар қалаларына барып, ондағы инфрақұрылымдар, жабық манежді алаңдарды көрдім. Бұл сапардан жақсы әсер алып қайттым. Біздің мақсат та сол, намысты жігіттерді тәрбиелеп өсіру үшін ауылдың балаларын қызықтыра білу керек.

«ЖАЙЫМДЫ АЙТСАМ ЖАСЫРМАЙ…»

– Кейбір адамдар балалармен жұмыс істеудің жауапкершілігі мен қиындығын айтады. Ал, балалармен жұмыс істеу сізді несімен қызықтырады?

– Б а л а ке з і м н е н ә ке м жауапкершілікке үйретті. Отбасымызда бес баланың кенжесімін. Колледжде, университетте оқып жүргенде әртүрлі шараларға қатысып жүрдім. Сондықтан болса керек, балалармен жұмыс істеуге бел будым. Өйткені, сол балалар – біздің ертеңгі болашағымыз. Клубта тек футбол ойнап қоймай, балалардың тәрбиесіне де көңіл аударамыз. Осы арқылы бала ең алдымен тәртіпке үйренеді. Жаман әдеттерден аулақ болады, командалық бірлік, жанашырлық, дос болу секілді қасиеттерді меңгеріп шығады. Балалармен жұмыс істеу оңай емес. Бірақ, қиындықтан қаша берсек, әрі қарай қалай дамимыз?

– Спортқа, соның ішінде футболға жастай жақын болыпсыз. Неге құмарттыңыз?

– Футболға келуімнің өзіндік тарихы бар. 1994 жылы тоғыз жасымда қатты ауырып, жергілікті дәрігерлер диагноз қоя алмады. Алматыға барып, диагноз қойылғанда аты жаман сырқатқа шалдыққан екенмін. Сөйтіп, екіүш жыл емделіп жүріп, III-IV сыныптарда сабаққа қатыса алмадым. Біраз емделіп қалыпқа келген соң, дәрігерлер Атырауға қайтарып, ауыр көтеруге, күннің көзіне шығуға, жүгіруге болмайтынын айтты. Шектеулер өте көп болды. Ата-анамнан сұранып жүріп, V сыныпты мектептен оқуға мүмкіндік алдым. Алайда, бірекі тоқсан бойына дене тәрбиесі пәніне қатыстырмай қойды. Кейін өзім қояр да қоймай дене тәрбиесі пәніне қатысуға рұқсат алдым. Содан бері футболды серік етіп келемін. Мектепаралық жарыстарға қатыстым. «Вокзал маңы» шағынауданындағы №27 орта мектептің атынан жарыстарға қатысып, жүлдесіз қайтпайтын едік. Ағайларымыз да білікті болды. Балалармен тіл табысып, өзімді табуыма тез әсер етті. Сырқатымды да ұмытып кеттім. Әрі қарай спортқа жақын балаларды тәрбиелеп, Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетуіне септігіміз тиіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазір отбасым б а р , ү ш б а л а н ы ң әкесімін.

– Футбол командасына, бірлестікке қатысты мақсаттарыңыз қандай?

 – Футбол командасы мен бірлестікке байланысты алға қойған жоспарлар мен мақсат көп. Клубтың 10 жылдық стратегиясы жасалды. Осы кезең ішінде жатақханасы, базасы бар футбол академиясына айналдыруды ойлаймын. Қазақстан біріншілігінің ІІ лигасына команда дайындауды да мақсат тұтып отырмыз. Шәкірттердің арасында ІІ лигада өнер көрсетіп, алған тәжірибелерін іске асырса, І және жоғары лигаларға қатысуына мүмкіндік туады. Артынша ұлттық құрамаға да бір табан жақындайды, сол үшін жұмыстанып жатырмыз. Жуырда бірлестік атынан «AFL junior» футбол лигасының жобасымен таныстырдық. Осыған орай қала әкімінің қабылдауында болдым. Лиганы өткізуді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қаржыландырып, қолдау көрсететін болды. Алдағы уақытта Атырау қаласында жабық манежді алаң салынса, ауа райының қандай жағдайында да ойын үзілмес еді.

Сұхбаттасқан Алмас ҚАБДОЛОВ

img 20220511 wa0136

РЕДАКЦИЯДАН:

Әрине, қандай мәртебелі жан болса да, негізгі тәрбиесі мен ұстанымы бала кезде алған тәліміне байланысты. Балалардың талабына жігер беріп жүрген Ақылбектей азаматтардың ізгі істеріне жергілікті атқарушы қ ұ р ы л ы м д а р т а р а п ы н а н м е й л і н ш е қ о л д а у көрсетілсе, қолға алған шаруаның жандануына ықпалы зор болар еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз